Әдеттегі ахуал бойынша, көктем маусымында Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тасқын қаупі күшейеді.
Ақтөбе қаласы шетінде тұратын жұртқа да сол қатер төніп тұр. 11 сәуірде жаңбыр қатты жауып, шағын өзендер арнасынан аса бастады. Салдарынан қалада жергілікті көлемдегі төтенше жағдай жарияланған.
Бейнежазбада құтқарушылар үйлерін су басқан тұрғындарды қайықпен көшіріп жатыр.