Оқиға

Астанада көше қиылысында жеңіл автокөлік өртеніп кетті

© REUTERS Жанған көлік
Жанған көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөліктің өздігінен өртеніп кетуі салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Түстен кейін Астанадағы көше қиылысының бірінде автокөлік өздігінен өртеніп кетті, деп хабарлайды елордалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мәлімет бергендей, Бейбітшілік, 35 көшесіндегі автокөліктің өртенуі туралы хабар сәрсенбі күні 12.22-де келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде, Volkswagen көлігі лаулап жанып жатыпты. Өрт сағат 12.36-да толығымен сөндірілді, өртті сөндіруге екі көлік, жеке құрамның 11 адамы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Астана полициясы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, өрттің себептері анықталып жатыр, дегенмен, бастапқы болжам бойынша, сымдағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан болса керек.

Жаңалықтар
0