Қоғам

Парадқа дайындыққа байланысты Астана мен Қарағандыға әуе рейстері жіберілмеуі мүмкін

© Sputnik / Анатолий Устиненко"Эйр Астана"
Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның авиациялық техникасын көрсетуге дайындық жүріп жатқандықтан, аэродром аумағындағы әуе кеңістігі уақытша жабылады

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Астанада 7 мамырдағы әскери парадқа дайындық жүріп жатыр, соның салдарынан Астана мен Қарағанды арасындағы кейбір рейстердің уақыты өзгертілуі мүмкін, деп хабарлайды "Эйр Астана" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай парадқа әзірлік - Sputnik Қазақстан
Фото
Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай парадқа әзірлік

Әскери парад Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналады.

"Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі еліміздің әуе қорғанысы күштерінің авиациялық техникасын көрсету болып табылады. Сол себепті 21 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана мен Қарағанды арасындағы кейбір рейстердің ұшу мерзімі аэродром аумағындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты өзгеруі мүмкін", — деп хабарлады әуе компаниясы.

Толығырақ ақпаратты Брондау және ақпарат орталығынан келесі нөмірлер арқылы біле аласыз: +7(727) 2 44 44 77 и +7(717) 2 58 44 77, + 7 702 702 44 77, сонымен бірге әуе компания сайтынан да мәлімет алуға болады.

Жаңалықтар
0