Оқиға

Өзеннің тасуынан ШҚО-да Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр

© Photo : Департамент по ЧС Восточно-Казахстанской областиШҚО-да Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр
ШҚО-да Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үлбі өзеніндегі су деңгейі бір тәулік ішінде толасыз жауған жаңбырдан бір метрге көтерілді

АСТАНА, 23 сәуір  - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Глубокий ауданы Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр, деп хабарлайды өңірлік ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Құтқарушылардың атап өтуінше, толасыз жауған жаңбырдан бір тәулік ішінде Үлбі өзеніндегі су деңгейі 94 сантиметрге көтерілді. Нәтижесінде өзен тасыды. Қазіргі уақытта 14 аула аймағын су басты, олардың төртеуі жеке үйлерге, оны – саяжай учаскелеріне тиесілі. 

Ауыл тұрғындары өзеннің арғы жағасына өз бетінше өте алмайды. Өйткені көпірге апаратын кіреберісті су басқан. Оларға Шығыс Қазақстан өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы көмектесіп жатар. 

Қазіргі уақытта қайықтармен 28 адам қауіпсіз жерге көшірілген олардың 8-і бала. Төрт бала қауіпсіз жерге көшіруден бас тартты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖ жөніндегі департамент басшысы Нұрлан Мадияров пен Глубоковскй ауданы әкімі мен облыс әкімдігінің өкілдері бар.


Жаңалықтар
0