Қоғам

Депутат: бейбіт күнде әскерилердің қаза табуына жол бермеу керек

© Photo : Партия "Нур Отан"Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрлігі әскери және арнайы дайындықты ұйымдастыру жұмысын жетілдіру керек

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Бейбіт күнде әскерилердің қаза табуына жол бермеу үшін әскери және арнайы дайындықты ұйымдастыру жұмысын жетілдіру керек. Бұл туралы мәжілістегі үкіметтік сағатта депутат Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысындағы қар көшкінінен жеті адам қаза тапты

Депутаттың айтуынша, бейбіт уақытта қорғаныс күштерінде әскерилердің қаза табуына жол бермеуге ерекше көңіл бөлінгені жөн. 

"Түрлі субъективтік себептерге, көбінесе командирлер мен басшылардың өз міндеттеріне салғырт қарау салдарынан бейбіт кезде әскерилердің қаза тауып жатқаны жасырын емес. Биылғы жылы 17 ақпанда Жамбыл облысы Көксай шатқалында қар көшкінінің жүруінен жеті әскери қызметшінің қаза тапқаны бәріміздің есімізде. Бұған дейінгі жылдары да қазақстандық әскер қатарында осындай қайғылы жағдайлар болды", — деді Әшімбаев. 

Оның сөзінше, мұның бәрі осындай оқиғалардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығын көрсетеді. 

"Осыны ескере отырып, қорғаныс министрлігі әскери және арнайы дайындықты ұйымдастыру жұмысы бойынша жүйені жетілдіруі керек. Қазақстандық әскерилер бейбіт уақытта мерт болмауы керек", — деді ол.


Жаңалықтар
0