Оқиға

Атырау-Орал тас жолындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты

© Photo : Rico_Loebапатты аялдау белгісі
апатты аялдау белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
КамАЗ жеңіл автокөлікпен соқтығысты

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Атырау-Орал тас жолында КамАЗ бен жеңіл автокөліктің соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы. 

Қаза тапқан алты адамның бесеуі үйлеріне вахтадан қайтып бара жатқан. Желіге жарияланған суреттерде оқиғадан кейінгі алғашқы сәттер түсірілген кадрлар бар. Суретте  Lada Largus автокөлігінің соққыдан кейін қирап қалғаны, төбесінің жұлынып кеткені көрініп тұр. Алты ер адамның алған жарақаттардан қаза болғаны хабарланады. 

Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі Атырау мен Орал арасында жеке тасымалдаумен айналысқан көрінеді. 


Жаңалықтар
0