Өңірлер

Мамырдың алғашқы күні ауа райы құбылмалы болмақ

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде дүйсенбі күні ауа райы салқын болып, кей жерлерде жаңбыр жауады

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Дүйсенбі 1 мамыр күні, синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райы жаңбырлы әрі желді болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет сайты.

Республиканың бүкіл аумағында ауа райы құбылмалы болмақ, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жауады, солтүстік пен оңтүсік-шығыста жауын-шашын болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, күн күркірейді, бұршақ та жаууы мүмкін, жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде тұман.

© Photo : ҚазгидрометБірінші мамырға арналған ауа райы болжамы
Бірінші мамырға арналған ауа райы болжамы - Sputnik Қазақстан
Бірінші мамырға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0