Қоғам

Мамыр мерекелеріне орай Астананың бірнеше көшесі уақытша жабылады

© Болат Шайхинов / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парад пен мерекеге дайындық "Қазақ елі" алаңында өтеді

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Астананың кейбір көшелерінде 2 мамырдан бастап әскери парад пен Жеңіс күнін тойлауға байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Автобус на остановке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада тағы бірнеше көшеде автобусқа арналған жолақтар пайда болады

Мерекеге әзірлік 2-5 мамыр аралығында "Қазақ елі" алаңында өтеді:

— 2 мамыр 12:00-14:30 аралығында

— 3-4 мамыр 10:00-12:00 аралығында

— 5 мамыр 12:00-14:30 аралығында

— 7 мамыр 06:00 — 15:00 аралығында

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі көшелерде қозғалыс шектеледі:

— Байырқұм көшесіндегі 40-станциядан Қошқарбаев көшесіндегі көпірге дейін;

— Қошқарбаев көшесінен — Б. Момышұлы көшесіндегі көпірге дейін;

— Тәуелсіздік даңғылы — Б. Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін;

— Ш. Қалдаяқов көшесі — М3 көпірінен Тәуелсіздік көшесіне дейін;

— Нәжімеденов көшесі — Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Байтұрсынов көшесі — Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Қошқарбаев көшесі — Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

— Б. Момышұлы даңғылы — Сәтпаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

Жаңалықтар
0