Мәдениет

Димаш талғамы жоғары француз жұртшылығын тәнті етті

Жазылу
Әлеуметтік желідегі анонстік бейнежазбаларда Франция көрермендері Димаш Құдайбергенге ду қол шапалақ соғып, құрмет көрсетуде

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстандық жас дарынды әнші Димаш Құдайберген Францияның орталық телеарнасының құрметті қонағы атанды, деп хабарлайды әншінің PR менеджері Алпамыс Шәрім.

Шәрімнің айтуынша, әлемнің ең танымал әншілері "Франция-2" телеарнасының қонағы болған,

"Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Европаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы боламын! Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан аталмыш кеш 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те өткізіп алмаңыздар!!!", — деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі жанкүйерлеріне.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жақында Қытайдың I am a singer шоуында екінші орынды иеленген. Конкурстың арқасында әнші Қытай елінде орасан зор танымалдыққа қол жеткізді. Ол "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында Top Chinese Music Awards музыкалық сыйлығын жеңіп алды.

Жаңалықтар
0