Өңірлер

Жайық өзенінің ортасында 19 саяжай тұрғыны мінген баржа бұзылып қалды

© Photo : Комитет по ЧС МВД КазахстанаЭвакуация пассажиров на лодке из сломанной баржи в Уральске
Эвакуация пассажиров на лодке из сломанной баржи в Уральске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баржа жолаушылары Оралдан саяжайларға бара жатқан кезде кеменің қозғалтқышы істен шығып, егде кісілер суға толы өзеннің ортасында қалып қойды

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Жайық өзені арқылы 19 адамды асырмақ болған  баржа судың ортасында бұзылып қалды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Баржа жолаушылары Оралдан «Учужный затоны» саяжай массві бағытына бет алған кезде кеменің қозғалтқышы істен шыққан. Құтқарушылар адамдарды қайықпен айлаққа тасымалдады.

"Жолаушылар арасында Жайық өзенінің қатты ағысында, метрлі биіктіктен қайыққа отыруға қиналатын бірнеше қария адамдар болды. Көбісінің өз сөмкелеріне алаңдаумен отырғандығы байқалды. Кейбір адамдарға бірінші өздерін қауіпсіз жерге жеткізіп, кейін сөмкелерін де тасымалдайтынын түсіндіру үшін психологиялық көмек көрсетілді. Медициналық көмекке мұқтаждар болмады. Барлық саяжай тұрғындары айлаққа аман-есен жеткізілді", — деді жасақтың медициналық-психологиялық қызметінің басшысы Н.Жұмағалиев. 


Жаңалықтар
0