Қоғам

Елордалықтар телефондарын көшеде қуаттайын болды

Жазылу
ЭКСПО қарсаңында Астанада ұялы телефондар мен планшеттерді қуаттайтын, күн энергиясымен жұмыс істейтін құрылғылар пайда болды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Астанада күн батареяларымен жұмыс істейтін, ұялы телефондарды қуаттауға арналған құрылғылар пайда болды, деп хабарлайды Сарыарқа ауданы әкімдігі Facebook парақшасында.

Евгений Плющенко - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Астанада ЭКСПО көрмесінің аясында Плющенко өнер көрсетеді

Әкімдік баспасөз қызметі атап өткендей,  "Астана ЭКСПО 2017" халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін "Астана" концерттік залының алдындағы алаңға ұялы телефондарды қуаттауға арналған заманауи автономды бағандар мен орындықтар орнатылды. Құрылғы арнайы батареялардың көмегімен күн энергиясын жинақтап электр қуатын өндіріп шығарады.

"Барлық тұрғындарды заманауи технологиялардың қолайлылығы мен тиімділігін, сондай-ақ визуалды әдемілігін сынап көруге шақырамыз", — деп жазады қалалық билік өкілдері.

Айта кетелік, астаналықтар гаджеттерін тегін қуаттай алады.

© Photo : пресс-служба акимата района Сарыарка города АстаныТелефондарды қуаттауға арналған көше бағандары
Телефондарды қуаттауға арналған көше бағандары - Sputnik Қазақстан
1/2
Телефондарды қуаттауға арналған көше бағандары
© Photo : пресс-служба акимата района Сарыарка города АстаныТелефондарды қуаттауға арналған көше бағандары
Телефондарды қуаттауға арналған көше бағандары - Sputnik Қазақстан
2/2
Телефондарды қуаттауға арналған көше бағандары
1/2
Телефондарды қуаттауға арналған көше бағандары
2/2
Телефондарды қуаттауға арналған көше бағандары
Жаңалықтар
0