Қоғам

Министрлік оқушылардың үй тапсырмасын қысқартуға кірісті

© SputnikАрхивное фото школьников во время урока
Архивное фото школьников во время урока - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушылардың үй тапсырмасын қысқарту бойынша жұмыс басталып кетті

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Білім министрлігінің бұйрығымен республика мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді. 

Халықаралық зерттеу көрсетіп отырғандай, қазақстандық оқушылардың үй тапсырмасының жүтемесі тым ауыр (65 елдің ішінде 4-ші орын). 

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі оқу жылының қысқартылуына қатысты ақпаратты жоққа шығарды

"Қазақстандық мектептердің тарихында алғаш рет бейінді ведомстволық деңгейде еліміздің оқушыларының үй тапсырмасын мөлшерлеу әдістемесін қамтитын құжат қабылданды. Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттырады деп үміттенеміз", — деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бұл ұсыныстардың негізін "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ өткен жылы іске асырған жобаның нәтижелері құрады. Жарты жыл бойы ұсыныстар ведомстволық бағынысты ұйымдар және өңірлердегі мектептермен жан-жақты талқыланып, ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өткен. 

 

 

 

Жаңалықтар
0