Қоғам

Астана жағалауында 7 және 9 мамырда мерекелік отшашу болады

© SputnikФейерверк
Фейерверк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай орасан зор отшашу өтеді

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Елордада 7 және 9 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай отшашу өтеді, деп хабарланады елорданың ресми сайтында.

Отшашу сонау Ұлы Отан соғысы кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлік зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атумен жүргізіледі. Салют 2 заманауи отшашу құрылғысымен жасалады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда мерекелік от шашуды Есіл өзенінің жағалауында сағат 22.00-де тамашалай алады. 

 

Жаңалықтар
0