Мәдениет

Батырханды еске алуға арналған концертке Валерий Меладзе мен Севара келеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБатырхан Шукенов
Батырхан Шукенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыға Батырхан Шүкеновті еске алуға танымал әншілер келеді

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған концертте танымал орындаушылар өнер көрсетеді. 

Бағдарламаға ресейлік әнші Валерий Меладзе, өзбек әншісі Севара Назархан, тәжік фолк-музыканты Далер Назаров, армяндық джазмен Антон Давидянц, сонымен қатар қазақстандық MEZZO тобы қатысады. 

28 сәуірден бастап музыкалық арналар эфирінде Батырхан Шүкеновтің "Нас исцеляет любовь" атты жаңа клипі көрсетіліп жатыр. Ол клип әнші көз жұмғаннан кейін екі жылдан соң шықты. 

Батырхан Шүкенов 2015 жылғы 29 сәуірге қараған түні Мәскеуде 53 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды. Ол Алматыға жерленді. Өнер жолын әнші Роза Рымбаевада саксофоншы болып бастады. Ал 1988 жылы "А" Студио" тобын құрады. 2000 жылы топтан кетіп, жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп жүрді. 


Жаңалықтар
0