Қоғам

Білім министрлігі 11-сынып үшін оқу жылының ұзартылуы жайлы сыбысқа қатысты пікір білдірді

Жазылу
Бұдан бұрын ҰБТ-ға байланысты 11-сынып үшін оқу жылының ұзартылатыны туралы хабарланған болатын

АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. ҚР Білім және ғылым министрлігі 11-сынып үшін оқу жылының 1 шілдеге дейін ұзартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кейбір БАҚ өкілдері еліміздің мектеп түлектері үшін оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылады деп хабарлаған болатын.

ЕНТ, экзамен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты түсініктеме берді

"Оқу жылы жоспарлы мерзімде аяқталады, мектеп бітірушілер емтиханы 1-10 маусымда өтеді. Ешқандай өзгеріс жоқ. Оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылмайды, тек оқушылар мектептен 1 шілдеде шығарылады, себебі мектептер олардың тіркеуден өтіп, ҰБТ тапсыруы үшін жауапты", — делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Қазақстанның Білім министрлігі бұдан бұрын Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын ұсынған еді, соған сәйкес тест сынағы ЖОО-на түсу үшін тапсырылады, ал түлектерге аттестат беру үшін мектептерде емтихан өткізіледі.

Жаңалықтар
0