Қоғам

Бүгін – Отан қорғаушы күні

© SputnikӘскери парад
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Бүгін Қазақстанда Отан қорғаушы күні атап өтіледі. 25 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. 

Әскери техниканың Темір маршы немесе қазақстандықтар парадта не көреді - Sputnik Қазақстан
Видео
Әскери техниканың "Темір маршы" немесе қазақстандықтар парадта не көреді

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша, Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.  Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. 

Ал 2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды. 

Бүгін Астанада сағат 11.00-де "Қазақ Елі" монументі алаңында Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңіске арналған әскери шеру өтеді. Бұл Қазақстан тарихындағы ең ауқымды парад болмақ. 


Жаңалықтар
0