Өңірлер

Оңға тәртіп: Астанада жедел арнайы шара өтіп жатыр

© Sputnik / Анатолий Устиненкоәйел полицейлер
әйел полицейлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шараның басты мақсаты - қаланың қоғамдық орындары мен көшелерінде заң бұзушылықтардың жолын кесу, тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Астана аумағында ағымдағы жылдың 10-31 мамыры аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы жүргізіледі. Басты мақсаты қаланың қоғамдық орындары мен көшелерінде заң бұзушылықтардың жолын кесу, тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету  болып табылады, деп хабарлайды қалалық ІІД.  

Жедел-алдын алу шарасын өткізуге мыңнан астам полиция қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының әскерилері мен басқа да мемлекетттік органдардың қызметкерлері қатысады. 

Аталмыш шара кезінде көп пәтерлі тұрғын үйлердің жанында,  көңіл көтеру орындары мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылған.

Елордалық полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзу, соның ішінде құрылыс және сауда саласындағы бұзушылықтарды анықтау бойынша тексерістер жүргізеді. Азаматтық қару иелері қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелеріне сай тексерістен өтеді. Тұрғылықты мекенжайы бойынша профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, олардың бекітілген нормаларды ұстануы қадағаланады.

Сонымен қатар, "Шеп" станционарлы бақылау бекеттерінде тыйым салыңған заттарды анықтау мақсатында автокөліктер мен олардың техникалық күйі тексерілуде. Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.


Жаңалықтар
0