Өңірлер

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

© SputnikАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, жел тұрып, бұршақ жауады және шаңды дауыл соғады

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, жел тұрады, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің ресми сайты.

Меруерт Сәкімова - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Қарағанды, Қостанай облыстарында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні — 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 25 м/с, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Жаңалықтар
0