Өңірлер

Солтүстік Қазақстандағы биылғы су тасқыны бірнеше рекорд жасады

© Photo : Любовь Мамаевасу тасқыны
су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны ауқымы бірнеше рекорд жасады

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында биыл орын алған су тасқыны соңғы 37 жылдан бері қайталанып отыр. 4 мыңға жуық адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті. 

Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СҚО мен Қостанай облыстарын су басу қаупі зор

ІІМ басшысының орынбасары, ТЖ комитетінің төрағасы Юрий Ильин су тасқыннан зардап шеккен аудандарды шолып шықты. 

"17 сәуірде Сергеев су қоймасының жотасы арқылы су деңгей көтерілуінің рекордтық көрсеткіші белгіленді. Ол 3 метр 38 сантиметрге жетті. Мұндай оқиға су қоймасын пайдалануға бергелі бері, яғни 1968 жылдан бері байқалмаған. Петропавл маңында Есіл өзенінің еріген қар суы Пёстрое көлімен қосылды. Бұрын соңды мұндай жағдай 1941 жылғы су тасқын кезінде ғана байқалған", — деп ақпараттандырады ТЖ. 

© Photo : КЧС МВД РКСҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру - Sputnik Қазақстан
1/3
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
© Sputnik / Елена БережнаяСҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру - Sputnik Қазақстан
2/3
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
© Photo : КЧС МВД РКСҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру - Sputnik Қазақстан
3/3
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
1/3
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
2/3
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру
3/3
СҚО тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру

Айыртау, Қызылжар, Мүсірепов аудандарында, сонымен қатар Петропавлда 380 үй судың астында қалды. Су тасқынының басым бөлігі Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен орын алды. 

Қазіргі уақытта Қызылжар ауданы мен Петропавлда 215 тұрғын үй әлі де су астында қалуда. Рузаевка ауылында 100 басқа жуық мал су тасқынының құрбаны болды. Адамдар зардап шеккен жоқ. 

Су тасқыны басталғалы бері республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы автожолдарды 17 рет су шайды. 

Бүгінгі таңда 10 жол учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді. Тайыншы ауданында тасжолының екі учаскесін су шайды. Бірнеше күн бұрын ТЖ департаменті және жергілікті билік Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқынға қатысты жағдай тұрақталғаны туралы хабарлаған. 


Жаңалықтар
0