Қоғам

Astana Art Fest ұйымдастырушылары пластик бөтелке орнына сыйлық береді

© Sputnik / Медиабанкке өтуБөтелке
Бөтелке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлемге әйгілі суретшілер мен мүсіншілер бөтелкеден тамаша өнер туындыларын жасап шығарады

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Бөтелкелерді жинау акциясы 22 мамыр мен 20 маусым аралығында өтеді. Public Art әлемдік жұлдыздары Астанаға 17 маусымда келмек. Олар —  эко-арттың негізін салушы — ресайкл-мүсінші Стивен Сигель мен Luzinterruptus – қайталама шикізаттан ірі инсталляциялар мен жарық перформанстарын жасауға маманданған анонимдік сурет тобы.

Спорт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елордада ашық аспан астында жаттығулар жасау басталады

Стивен Сигель и Luzinterruptus "Біздің өркениеттің басты қоқысы" деп аталатын пластиктен жасалған тамаша жұмыстарды таныстырады. Пластик қоқыстардың 40%-ын бөтелкелер құрайды екен.

"Артфесттің ең басты мақсаты экологиялық сананы қалыптастыру, біз табиғаттан ажырай алмаймыз, қай салада болмасын, қоршаған ортаны үнемі қаперімізде ұстауымыз керек", — деп санайды Astana Art fest директоры Майра Измайлова.

Науқанға белсене қатысқандар Стивен Сигель мен Luzinterruptus қолтаңбалары қойылған сыйлықтарға ие болады.

50-ден аса бөтелке әкелгендерге, ұйымдастырушылар арнайы сыйлықтар даярлап қойыпты: бренд эко-сөмкелер, фото ашықхаттар.

Бөтелкелерді қабылдау пункттері: Отырар көшесі, 18, д/к "Береке", "Береке спорт" 8 778 5043 786, Жұбанов көшесі, 10, д/к "Астана Бәйтерек" 8 701 6578 533, Абылай хан көшесі, 49/3, д/к "Жас қанат" 8 778 7129 489, Сауран көшесі, 12/1, д/к "Есіл" 8 702 6024 962.

Жаңалықтар
0