Оқиға

Алматы облысының тұрғыны полиция офицеріне пышақпен шабуыл жасаған

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында мас ер адам өзіне ескерту жасаған полицейге пышақпен тап беріпті

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Алматы облысы Сарқан қаласында полицияның учаскелік инспекторы пышақ жарақатын алғанына қарамастан, мас тәртіп бұзушыны жалғыз өзі ұстады, деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

15 мамыр күні кешке учаскелік инспектор көшеде шу шығарған мас адамды тыныштандырмақ болады. Полицейден ескерту алған жігіт пышақ алып шығып, тәртіп сақшысына тап берген.

Төбелес кезінде офицер пышақ жарақатын алған. Соған қарамастан, қарулы жанжалқойды ұстап, Сарқан АІІБ-не жеткізді.

Қазір тәртіпбұзушы қамауда отыр. Аталған дерек ҚР ҚК "Билік өкіліне қарсы күш қолдану" бабы бойынша тіркелген.

Жаңалықтар
0