Өңірлер

Батыс Қазақстан тұрғыны полицейден көрген қорлығы туралы айтып берді

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғау органдарының қызметкері ер адамды еш себепсіз ұрып соққан

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны полицейден қорлық көріп, соққыға жығылғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды "Уральская неделя" жергілікті баслымы.

Архивное фото дорожного полицейского - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ жүргізушілерге айыппұл салған кішкентай полицейге қатысты түсініктеме берді

Бір ай бұрын патрулдік көлік Елдар Мұқашевтың көлігінің алдынан кесе-көлденең шығып тоқтатқан. Ер адам отбасымен бірге Успеновка ауылынынан Ақсайға келе жатыпты. Жүргізушінің айтуынша, жолды көлегейлеген көліктің ішінен жай киінген ер адам шығып, өзін таныстырмастан: "сен массың, шегіп алғансың", — деп мәлімдейді.

Бұдан кейін белгісіз адам Елдардың кілтін алып, отбасымен жолда тастап, кетіп қалады да, біраз уақыттан соң құқық қорғау органдарының қызметкері киімін киіп келеді. Келген соң полицей көліктің кілтін Мұқашевтың әйеліне беріп, құжаттарын алып алған.

"Содан соң жағама жармасып, "қылқындыру" әдісін қолданды, мен біраз уақыт есімнен танып қалдым", — деп болған істі еске алады Елдар Мұқашев. — Қолыма кісен салып, көлігіне сүйреп апарды. Көлікте Ақсайға медициналық анықтама алу үшін апарамын деді".

Әжей - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Біреудің төлқұжатын тауып алған әжейді полиция бірнеше сағат бойы тергеген

Мұқашевтың сөзіне сүйенсек, полицей жол бойы оны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Сәлден кейін автокөлікті тоқтатып, тәртіп сақшысы "ұсталған азаматты" сыртқа алып шығып, соққыға жығады.

Кейін полицей Мұқашевтың телефонында бейне, фотосуреттер жоқ екенін тексеріп, жақын аялдамаға тастап кеткен.

"Мені әйелім алып кетті, ауруханаға барып, мас емес екенімді растайтын анықтама алдық, ұрып соққан жерлерді суретке түсіріп, БҚО бойынша жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жаздық. Алған соққыларымды дәрігерлер "жеңіл-желпі" деп сипаттады. Қазір полицейге қатысты қызметтік лауазымын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицей Успеновка ауылының учаскелік инспекторы екен, аты-жөні Самат Жаймағамбетов", — деп мәлімдеді жәбірленуші.

Оның айтуынша, Ақсай АІІБ қызметкерлері капитан Жаймағамбетовпен татуласуын сұраған. Ал Жаймағамбетовтың өзі қоңырауға жауап бермейді — телефоны сөдірулі.

БҚО ІІД-де қылмыстық істің қозғалғаны туралы мәліметті растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.

Жаңалықтар
0