Өңірлер

Таза ауада демалыс: елордалық саябақтар тосын сый әзірлеп жатыр

CC0 / / саябақ
саябақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық саябақтар қала тұрғындарына тосын сыйлар әзірледі

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Астанада қалалық саябақтар маусымы басталды. Бес бірдей қалалық саябақ жазғы жұмысын бастайды. Олар: Астана, Жерұйық, Студенттер, Президент саябағы және Арай. Жаңа маусымда саябақтар жаңа келбетке ие болды. Қосымша аттракциондармен толығып, әр келушіге көңіл көтеретін бағдарламар қарастырылған. Сенбі күні сағат 14:00-де Студенттер саябағында "Әлемнің 7 кереметі" атты шоу өтеді. 

Селфиге түсу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Селфиге арналған саябақ: Астанада жуырда айрықша парктер пайда болады

Елорда саябағы былтыр толықтай жаңартылып, өзгертілген болатын: павильондар мен қоғамдық тамақтану орындары көбейді әрі олардың әрқайсысы заманауи келбетке сай сәулетке ие. Сондай-ақ, саябақ гүлзарлармен көмкеріліп, көгалдандырылды. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір жақтағы кіреберіс тіптен айрықша: көрікті мүсіндер мен басқа да сәулетті өнер туындылары алыстан мен мұңдалайды. 

 Жаңартылған саябақтардан балалармен қатар, үлкендер де сая табады. Мысалы,  экстримге әуес жандар үшін "Америкалық сырғанақ" және "5 элемент" қызмет көрсетсе, ал балаларға – "Зымыранда ұшу" сияқты аттракциондар ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз.

 Сонымен қатар, жаяужүргіншілер көпірі жағындағы кіреберіс те айтарлықтай өзгермек. Онда әдемі мүсіндер мен басқа да шағын архитектуралық пішіндер қойылады. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Исекешев Астанадағы түбегейлі өзгерістер туралы баяндады

Елорда саябағы киелі құстарға көбейіп жатыр. Ақ аққулардың қатарын биыл қара және қарамойын аққулар және мандаринка үйректерінің төрт жұбы толықтырды. Биылғы жылдың басты маңызды оқиғасы — "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі екені мәлім. Осыған орай саябақтар да көрме тақырыбына сай жаңа реңге енбек. Шетелдік қонақтарға еріктілер қызмет көрсететін болады. ЭКСПО стиліндегі аниматорлар келген көрерменді өнерлерімен бей-жай қалдырмасы анық. Мұнымен игілікті шаралар легі таусылмайды. Саябақтың орталық аллеясында, яғни, Тұран даңғылы жағында жасыл энергияны қолданудың ашық мысалы ретінде сигвей мен гироскутерлермен сырғанауға мүмкіндік бар. Роботтарды да осы жерден кездестіруге болады. Тағы бір жағымды жаңалық – астаналық саябақ қонақтарына өткізілетін мәдени шаралар, ойын-сауықтар мен демалыстар жайында шағын кітапшалар таратылмақ.

Биыл Жерұйық саябағына тұңғыш рет "Сюрприз" және "Гусеница" сияқты ірі аттракциондар қойылады. Елорда қонақтарына жаңа форматтағы ойын-сауықтар Студенттік саябақта да ұйымдастырылмақ.

 

Жаңалықтар
0