Өңірлер

Астанада демалыс күндерді бірнеше көшені жабады

© Sputnik / Болат Шайхиновжол жөндеу
жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушілерге өз бағытын алдын ала түзету қажет

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. 20-21 мамыр күндері Астанада көлік қозғалыстарына шектеу қойылады, деп хабарланады елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

20 мамыр сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін Иманов көшесінде жол аумағы Жұбанов көшесінен Брусиловский көшесіне дейін жабылады.

21 мамыр 7:00-ден 22:00-ге дейін көлік қозғалысына Брусиловский көшесінің аумағы Кенесары мен Иманов көшелері арасында шектеу қойылады.

Жолдардың жабылу себебі — Брусиловский мен Иманов көшелері қиылысындағы ТК сымдар тарту бойынша құрылыс-монтаждау және ескірген, апатты үйлерді сырып тастау жұмыстары жүргізіледі.Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

 

Жаңалықтар
0