Өңірлер

Исекешев жаңа алаңда "Астана" ФК футболшыларымен ойнады

© Photo : сайт акимата АстаныӘсет Исекешев Астана Аренада
Әсет Исекешев Астана Аренада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Футбол алаңының жабындысы еуропа стандартының соңғы үлгісі болып табылады

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев "Астана-Арена" стадионын тексеріп, голландтық технологиямен жасалған жаңа алаңның сапасын көрді. Футбол алаңының жабындысы еуропа стандартының соңғы үлгісі болып табылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар арнайы резеңке түйірлегіш пен кварц құмы төгілді. Бұл футболшыларға ойын барысында қолайсыздық тудырмайды. "Астана-Аренадағы" жұмыстар аз уақыт ішінде барлық технологиялық талаптар сақталып жасалды. Алаңда алғашқы ресми кездесу 2 мамыр күні өтті. Ал, келесі ойын 28 мамыр күні "Астана" футбол клубы мен "Шахтер" командасы арасында өтеді.

Астана әкімі жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесті, ойындарға дайындық барысы туралы сұрап білді және "Астана" футболшыларымен бірге ойнады. Іссапар барысында қала басшысы елордалық ойыншыларға шілде айында Чемпиондар лигасы арасында өтетін байрақты бәсекелерде табыс тіледі. Футболшылар да жаңа алаңның сапасын жоғары бағалап, қарсыластарымен кездесуге барынша дайындалып жатыр.

 

 


 

Жаңалықтар
0