Қоғам

Шымкентте бүлдіршіндер бірінші сыныпқа интернет арқылы ғана қабылданады

© Пресс-служба акима ЮКООҚО бастауыш сынып оқушылары
ОҚО бастауыш сынып оқушылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық білім беру бөлімі кей отбасыларда компьютер мен интернеттің жоқ екенін де ескерген

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Шымкентте бірінші сыныпқа бару үшін құжат интернет арқылы ғана қабылданатын болады, деп жазады жергілікті Otyrar басылымы.

Бірінші сынып оқушыларын қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында өткізіледі.

Архивное фото занятий по алгебре - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада ЭКСПО-ға байланысты студенттер үшін оқу жылы кешірек басталады

Мектеп пен бастауыш сынып мұғалімдерін қалалық білім беру бөлімі сайтынан таңдауға болады, ол жерде барлық мектептер мен мұғалімдер рейтингі көрсетілген.

Ата-аналарға құжатты электронды түрде қалай жіберуге болатыны үйретіледі.

"Біз барлық отбасыларда компьютер мен интернеттің жоқ екендігін ескердік. Сондықтан ата-аналар үйінің жанындағы мектептке барса болады. Ол жерде бірінші сыныпқа баратын оқушының ата-анасына құжатты электронды түрде өткізуге көмектеседі. Барлық сұрақтарды мектеп басшылығынан білуге болады", — деп хабарлады Шымкент қаласы білім беру бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

Жаңалықтар
0