Видео

Елбасының Трамп және Тиллерсонмен кездесуінің видеосы жарияланды

Жазылу
Ақорда Елбасының өзге мемлекет басшыларымен кездесуі туралы бейнежазбаны жариялады

Қазақстан Президенті "АҚШ – Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшылары және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ – Ислам әлемі саммитінде - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Дональд Трамппен кездесті

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті.


Жаңалықтар
0