Қоғам

ҚТЖ жолсеріктері мен кассирлері ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ағылшын тілін үйренді

© Sputnik / Александр Уткин / Медиабанкке өтуПойыз жолаушысы
Пойыз жолаушысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағылшын тілін меңгеруден бөлек, қызметкерлерді сөйлеу мәдениетіне де үйрететін болады

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. ЭКСПО-2017 қарсаңында 900-ден астам жолсерік тіл үйреніп, шетелдіктермен ағылшынша сөйлесуге дайын болды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жазда жүк көліктері түнде ғана жүретін болады

Жолаушылар вагоны жолсеріктерін ағылшын тіліне үйрету 2015 жылы пойыздардағы қызмет көрсетуді жақсарту бойынша кешенді Жоспарды жүзеге асыру аясында басталған.

Биыл 300-ден астам қызметкер ағылшын тілі курсын тәмәмдады. Сонымен бірге, теміржол вокзалдарындағы билет кассаларының 70 қызметкері ағылшын тілін меңгерді.

"Қазіргі таңда 900-ден астам жолсерік тиісті сертификаттарға ие болды. Оқыту бағдарламасы пойыз басшыларын, жолсеріктер мен кассирлерді біртіндеп "Elementary" және "Intermediate" деңгейіне жеткізуді қарастырады. Бірінші кезекте — амандасу және тасымалдау ережелерін түсіндіру, сондай-ақ жолаушылармен диалог құру арқылы қызмет көрсетулер туралы ақпарат беру", — деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ даму бойынша вице-президенті Едіге Мыханов.

Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында биыл жолсеріктерді сөйлеу мәдениетіне, клиентке мұқият болуға, кикілжің жағдайларды шеуге үйрету жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0