Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде сәрсенбіде ауа райы құбылмалы болады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысың кей жерлерінде тұман бақыланады

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр найзағаймен күтіледі, тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді,  кей жерлерінде найзағай болады.

Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады.

Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысында жел 17-22 м/с болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан обылыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жаңалықтар
0