Оқиға

Астанада әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің бас директоры ұсталды

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері 70 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде Болат Халық ұсталды

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі департаменті ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры парамен ұсталды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деректеріне сәйкес, күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған.

Сонымен қатар, Халыққа РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдік келтіріп отыр. Ол бұл ісін бас есепші Қаракөз Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Теміржан Махмутовпен бірге жасаған. Халық 70 мың АҚШ доллары көлемінде кезекті пара алу үстінде ұсталды. Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленгені айтылады. 

23 мамыр күні Халық, Медебаева және Махмутов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Жаңалықтар
0