Өңірлер

Атмосфералық фронттармен Қазақстанға құбылмалы ауа райы келді

© Sputnikжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте жел шаңды дауылмен болады, солтүстік, солтүстік-батыста тұман бақыланады.

АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, солтүстік-батыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде жауын-шашын  найзағаймен күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Қостанай, Солтүстік  Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман бақыланады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.  

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ беткейінде 2 градус үсік болады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жаңалықтар
0