Әлем

Трамп әлемдік көшбасшыларға телефон нөмірін берді

© REUTERS / Kevin LamarqueДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дональд Трамп бірнеше әлемдік көшбасшыға ұялы телефонының нөмірін беріп, тікелей өзіне хабарласуды сұрады, ал бұл дипломатиялық хаттамаға сай келмейді

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп дипломатиялық хаттамаға қарамастан, өзге мемлекет басшыларын тікелей ұялы телефонына хабарласуға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Меланья Трамп күйеуін ыңғайсыз жағдайда қалдырды - Sputnik Қазақстан
Меланья Трамп күйеуін ыңғайсыз жағдайда қалдырды

Президенттің бұл қылығы "АҚШ басшысы хабарламаларының қауіпсіздігі мен құпиялығына қатысты алаңдаушылық туғызды".

Дәлірек айтқанда, Трамп Канада және Мекиска көшбасшыларын ұялы телефонына хабарласуға шақырды. Ал Канада премьер-министрі Джастин Трюдо бұл ұсынысты пайдаланып үлгеріпті.

Француз шенеуніктерінің сөзіне сүйнесек, АҚШ президенті Франция президенті Эммануэль Макронмен де телефон нөмірлерімен алмасыпты.

Жаңалықтар
0