Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткен

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуӘжей
Әжей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
82 жастағы әжейге өз үйінде екі қылмыскер әйел шабуыл жасаған

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі әйел зейнеткер әжейді сабап, тонап кетті, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Мотоцикл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талдықорғанда мотоциклшіні қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 мамыр күні Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылында 82 жастағы әжейдің үйіне кірген екі әйел әртүрлі заттарды ұсына бастайды.

"Кенеттен олар әжейге тап беріп, құлатады да, ақша талап етеді. Әйелдер қарияны сабап, заттары мен әмиянын тонап кеткен. Жәбірленуші есін жинаған соң, көршілері арқылы полиция инспекторын шақырыпты", — деп мәлімдеді ІІД.

Көп ұзамай әйелдер зейнеткерден ұрлаған заттар және ақшамен полицияға ұсталды. Әжейге медициналық көмек көрсетілген.

Жаңалықтар
0