Өңірлер

Байбек Алматы Орталық стадионы маңындағы тұрақты алып тастауды тапсырды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАвтокөліктер
Автокөліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімі Орталық стадионға жақын орналасқан аймақты тез арада тәртіпке келтіруді тапсырды

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданын аралау барысында Орталық стадионға жақын орналасқан аймақтың абаттандырылуына көңілі толмайтындығын жеткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қала билігі инженерлік желілерді сапасыз жүргізу салдарынан Орталық стадион алдындағы асфальттің жарыла бастаған мойындады. Өз ісіне жауапсыз қараған мердігерлік ұйым енді екі-үш күн ішінде олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.  

Жаяу жүргіншілердің стадион аймағына өтуі ыңғайлы болу үшін ұсқынсыз қоршаулар мен жөнсіз қойылған автокөліктер алынып тасталады, олардың орнына гүлзар, жасыл желек отырғызылып, қоқыс жәшіктері қойылады.

Алматы әкімі Орталық стадион айналасындағы күтімсіз қалған жерлердің қалай берілгендігін заң жүзінде тексеруді тапсырды. Бұдан бөлек Орталық стадионның  апатты жағдайдағы манежі мен запастағы алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Жаңалықтар
0