Өңірлер

Еліміздің батыс өңірлерінде 40 градус аптап ыстық болады

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуАптап
Аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда шілде айы шіліңгір ыстықпен басталады

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Шілде айының басында еліміздің батыс өңірлерінде аптап ыстыққа байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Синоптиктердің мәліметінше, 1-5 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, 1-6 шілдеде Маңғыстау облысында кей жерлерде 40-43 градус ыстық болады. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жұма күні 30 маусымда Астана мен Ақмола облыстарында аптап ыстық болады – 35 градус. Еліміздің оңтүстігінде де ауа температурасы 33-38 градус ыстық. 

Жаңалықтар
0