Қоғам

Астанадан Делиге тікелей рейс ұшыру басталады

© Sputnik / Денис Абрамов / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның елордасынан Үндістан астанасына бағытталған әуе сапарлары аптасына үш рет жүзеге асырылмақ

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы — "Эйр Астана" компаниясы 2 шілдеден бастап Астана-Дели-Астана бағдарын іске қосады, деп хабарлады әуе компаниясының президенті Питер Фостер жұма күні.

"Біз дамып келе жатқан бағдар жүйемізге тағы бір белгіленген пункт қосып, Астана мен Дели арасында әуе сапарларын жүзеге асыратынымызға қуаныштымыз ", – деді Фостер жаңа бағдардың презентациясы барысында. 

Оның айтуынша, рейстер жаңа бағыт бойынша 2 шілдеден жіберіле бастайды, жиілігі аптасына үш рет – дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі. 

Жаңалықтар
0