Оқиға

Almaty Towers бизнес орталығындағы өрт бойынша іс прокуратураға қайтарылды

© Photo : сообщество LFA / Lexus Family Almaty в ВКонтактеAlmaty Towers-тегі өрт
Almaty Towers-тегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғаушылар қаулыға шағым түсіреді ма, жоқ әлде жаңа процессуалдық шешім шығарады ма, соны қарастыратын болады

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Сот сол күйі Almaty Towers  бизнес орталығындағы өрт туралы іс бойынша басты сот отырысының басталу уақытын тағайындамады – ол прокуратураға қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сот залынан. 

Оқиға
Алматыдағы өртті тергеу барысында батут орталығының директоры ұсталды

"Бас сот отырысы тағайындалған жоқ, істі жаңа процессуалдық келісімге келу үшін прокуратураға қайтарды. Алғаш рет прокуратураға қайтарған кезде, қаулы заң күшіне енбеген болатын. Біз оған қалалық сотта шағым түсірдік. Іс жүзінде ол қаулы жойылған, енді сот қайтадан сондай қаулы шығарып отыр. Шағым түсіреміз бе, жоқ  әлде жаңа процессуалдық шешімге келеміз бе шешім қабылдайтын боламыз", — деді адвокат Әлімжан Оралбай. 

Бұдан бұрын Алматының Бостандық ауданының прокуратурасы процессуалдық келісімге келу туралы өртеніп кеткен батут орталығының директоры Дәурен Тұяқовтың өтінішін қанағаттандырған болатын. Барлық жәбірленушілер қолдап, сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаумен келіскен. 

Almaty Towers ғимаратындағы өрт туралы баспасөз мәслихаты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Almaty Towers өртінің құрбандары туыстарының адвокаты: бұл көптеген адамның кінәсі

Almaty Towers кешеніндегі өрт 6 қараша күні кешке  орын алған. 25 қабатты екі мұнараға жалғасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Бастапқыда бір адамның көз жұмғаны туралы айтылды – ол 54 жастағы дәнекерлеуші болатын. Келесі күні ТЖД тағы төрт адамның денесі табылғанын хабарлады. Бастапқы болжам бойынша, олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болған. Бірнеше сағаттан соң тағы бір адамның денесі табылғандығы айтылды. БАҚ-тардың хабарламасына сәйкес, өрт ашылуға дайындалып жатқан батут орталығың ғимаратынан шыққан.  


Жаңалықтар
0