Өңірлер

Сенбі күні найзағайлы жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтіледі

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

 Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан  облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысында, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.


Жаңалықтар
0