Оқиға

Алматыдағы жол апаты: КамАЗ-дың дөңгелегі ұшып кетті

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша, жол апатына себепші мас жүргізуші болды

АСТАНА, 2 шілде  — Sputnik. Жол апаты Жандосов көшесіне жетпей оңтүстік бағытта Саин көшесінің бойында орын алған. 

Sputnik Казахстанға көзбен көрушілердің айтуынша, оңтүстік бағытта Subaru Impreza, Mini Copper және су шашып жүрген КамАЗ көліктері қозғалып бара жатқан. Қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан Subaru көлігінің жүргізушісі КамАЗ-ды көріп, солға бұрылған кезде Mini Cooper-ге соқтығысады. Соққыдан көлік айналып, қарсы жолаққа тоқтап қалды. 

© Sputnikжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/2
жол апаты
© Sputnikжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/2
жол апаты
1/2
жол апаты
2/2
жол апаты

Subaru Impreza КамАЗ-ға "ұшып тиді", соққыдан оның бір дөңгелегі ұшы кетті. 

Жол апатынан екі адам зардап шекті – алдын ала болжам бойынша мас болған Subaru жүргізушісі, сонымен қатар Mini Copper көлігінде болған қыз. Дәрігерлердің тексеруінен кейін ол ауруханаға жатудан бас тартты. 

Алматы полициясы болған оқиғаның мән-жайын анықтайды. 


Жаңалықтар
0