Қоғам

Астана күнінде қандай мерекелік шараларға баруға болады?

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы бес күнде Астанада екі жүзден астам мерекелік іс-шаралар өтеді.

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Жақында елордамыз Астана қаласының 19 жылдығы атап өтіледі. 

Астана күніндегі ең қызықты мерекелік шаралар туралы Sputnik Қазақстан жиынтығынан оқып біле аласыз

Концерттер

Дүйсенбі, 3 шілдеде:

  • "Музарт"  тобының концерті ("Қазақстан" ОКЗ 16.00, 19.00-де);
  • "Би әлемі" гала-концерті (қалалық алаң,  18.00 – 21.00);
  • "Астанаға тарту" атты дәстүрлі орындаушылар концерті ("Астана" концерт залы, 19.00).

Сейсенбі, 4 шілде:

  • Мақпал Жүнісова және Тоқтар мен Бейбіттің концерті ("Астана" концерт залы, 19.00);
  • Қазақтың ұлттық аспаптары оркестрлерінің фестивалі ("Байтерек" монументі алдындағы алаң, 19.00).

Сәрсенбі, 5 шілде:

  • Қазақтың ұлттық аспаптары оркестрі қатысушыларының концерті, "Елорда", "Студенттер", "Жерұйық" парктері, 10.00 – 13.00

Бейсенбі, 6 шілде, Астана туған күнінде:

  • Үрмелі аспаптар оркестрі плац-концерті (қалалық алаң, 16:00);
  • ҚР "Салтанат" мемлекеттік ансамблінің концерті  (этноауыл, 18.00);
  • "Ұмай" және  "Мотороллер" топтарының концерті (қалалық алаң, 20.00).

Қойылымдар

  • 4 шілде күні Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында "Сүрінген сүр бойдақ" атты комедия қойылады, басталуы 19.00-де.
  • 5 шілде Астана қуыршақтар театры "Жаңғырық туралы аңыз" ертегісін ұсынады 12.00, 14.00 және 16.00-де.
  • Бұл күні М. Горький атындағы орыс драма театрында сағат 19:00-де "Анна Каренина" спектаклі болады. 
  • 5-6 шілде күндері елордамызда Ғ. Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер қазақ театры "Астана балет " театрында "Черная бурка" спектаклін қояды, басталуы сағат 19.00-де.
  • 6 шілде 19.00-де М. Горький атындағы орыс драма театры "Смешанные чувства" мелодрамасын қояды. 

Спорт

Астананың туған күнінде, Қазақстан чемпионатының кезекті матчында "Астана" және "Қайсар" (Қызылорда) командалары кездеседі, ойын "Астана Арена" стадионында сағат 18.30-да болады. 

Сонымен бірге, бұл күні сағат 18.00-де "Дәулет" спорт кешенінде самбодан Әлем кубогының кезеңі өткізіліп, ҚР Президенті жүлделері ойналады.

Шараларды толық тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Жаңалықтар
0