Қоғам

Шетелдік азаматтар Астана туралы не ойлайтынын айтып берді

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдіктер қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Шетелдік азаматтар Астана туралы не ойлайтынын айтып берді. 

Қазақстанда оқитын, жұмыс істейтін, ЭКСПО көрмесіне келген шетелдіктер Астана туралы ойларымен бөлісіп, қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Видеоны Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева өзінің фейсбуктағы парақшасында жариялады. 

Айта кетейік, елімізде 6 шілде Астана күні атап өтіледі. 

Бұл мерекенің тарихына көз жүгіртсек, 1994 жылы Парламент отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасайды. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. 


Жаңалықтар
0