Қоғам

Димаш Елбасын туған күнімен ерекше құттықтады

Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев бүгін 77 жасқа толды
АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Белгілі әнші Димаш Құдайберген Президент Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. 

Димаш алғашқылардың бірі болып Елбасын туған күнімен құттықтауды ұйғарған. Ол түн жарымнан кейін бірден инстаграмдағы парақшасына "Mr President, Happy Birthday!" деген жазуы бар аниме стиліндегі құттықтау хат салып қойған. 

Мерекелеріңізбен!!! #thesingerdimash #bastau #dimashkudaibergen #kazakhstan #Astana #DQ #DEARS #Dostar

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Июл 5 2017 в 11:02 PDT


"Мерекелеріңізбен!!!", — деп суреттің астына жазып қойыпты Димаш. 

Сәуір айының соңында Мемлекет басшысы Димашпен арнайы кездесіп, оған батасы мен игі тілектерін айтқан болатын. 

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Елбасы 77 жасқа толып отыр. 

Жаңалықтар
0