Әлем

Африкада жантүршігерлік жол апатында 80-ге жуық адам мерт болды

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтужол апаты, архив
жол апаты, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
72 адам жарақат алған

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Орталық Африка республикасында болған ірі жол апатынан 80-ге жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.  

Жол апаты сейсенбі Бамбари қаласынан он шақырым жерде болған. Агентті мәліметі бойынша адамдарды тасымалдайтын жүк көлігі ауылдардың біріне апта сайынғы базарға бара жатқан. Адам толы көлік уақытында үлгері үшін үлкен жылдамдықпен жүрген. Осы жағдай жол апатына себеп болуы мүмкін. 

"Қазіргі уақытта 78 адам мерт болып, 72 адам жарақат алды. Кейбір жарақаттанған адамдар өз үйлеріне жеткізілген, олар кейін сол жерде көз жұмды", — деп хабарлады агенттікке Бамбаридегі ауруханалардың бірінің бас дәрігері. 

Агенттіктің хабарлауынша, елдің жол жүйесінің жағдайы нашар, ал қауіпсіздік ережелерін көбінесе сақтамайды. 


Жаңалықтар
0