Өңірлер

Астананың бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысы жабылады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтужол жөндеу
жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілденің соңына дейін бірқатар жолдар жабылады

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының xабарландыруы бойынша, елордада жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты көлік қозғалысы үшін жолдар жабылады деп күтілуде, деп хабарланады қала әкімдігінің ресми сайтында. 

Атап айтқанда 9-31 шілде аралығында Б.Бейсекбаев көшесі, Тарxан көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі жолдар жабылады. 

10-23 шілде аралығында А.Аxматова көшесі, Күйші Дина көшесінен Петров көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

10-30 шілде аралығында Ақбидай көшесі, К.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін аралықта жолдар жабылады. 

Сондай-ақ 10-30 шілде аралығында Оқжетпес көшесі, К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсеков көшесіне дейін жол жабылады. 

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. 


Жаңалықтар
0