Әлем

Мұсылмандарға арналған тариф іске қосылады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтутелефон
телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілде айының соңына қарай ұялы байланысқа арналған тариф іске қосылады

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Биылғы жылы шілде айының соңында Татарстан мұсылмандары үшін ұялы байланысқа арналған тариф іске қосылады, деп жазады muslim.kz 

Сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Британ халқы балаларына мұсылман есімдерін жиі қояды

Татарстан мүфтиі Кәміл Самиғұллиның айтуынша, тариф белгілі татар ислам ағартушысы Шигабутдин Марджанидың 200 жылдығына арналған. Сим-карта дизайнына да дін ғалымының бейнесі пайдаланылған. 

Жобаға сәйкес, аталмыш тарифті қолданушыға намаз уақыты туралы ескертпе келіп отырады. Сонымен қатар, күн сайын Құран аяттары мен пайғамбар хадистері де келеді. Бұдан бөлек, абонент Сауд Арабиясына қажылыққа кеткен жақын туыстарына арзан бағамен қоңырау шала алады.

Ал бұған дейін татар елінде мұсылман қауымына арналған тариф жоспары мен "Азан" мұсылмандар радиосын қосу туралы келісім жасалған болатын.

Жаңалықтар
0