Өңірлер

Алматыда Алатау ауданының жаңа әкімі тағайындалды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудан әкімдігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен Алатау ауданының жаңа әкімі болып Шахмерден Рыспаев тағайындалды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек аудан әкімдігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда Жетісу ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Шахмерден Рыспаев — жеке секторда да, мемлекеттік басқару ісінде де тәжірибесі бар. Мемлекеттік қызметті 2001 Алматы қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған.

2002-2005 жылдар аралығында "Медеу" мемлекеттік табиғи паркінің аға консультанты қызметін атқарған.

2010-2015 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы болған.

2015 жылдан бастап Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Жаңалықтар
0