Оқиға

Таразда жүргізушінің сіңірі тартылып қалып, кісі өліміне соқтырған жол апаты болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай сау орталығының ғимаратына соқтығысты

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Тараздағы жол апаты салдарынан жарақат әйел кісі көз жұмды, деп хабарлайды Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Көліктің 21 жастағы жүргізушісі көлігін басқара алмай жергілікті сауда орталығының ғимаратына соқтығысты. Көлікте жүргізушіден бөтен тағы екі жолаушы болған. 

"Жол апаты бүгін сағат 6:00-де орын алды. Жүргізуші қазіргі уақытта жарақаттармен ауруханада жатыр, жолаушының біреуі үйіне қайтарылды, екіншісі жансақтау бөлімінде көз жұмды", — деді полицияда. 

ІІД-де апат куәгерлерінің жауабына сілтеме жасай отырып, жүргізушінің аяқ астынан сіңірі тартылып қалғанын айтты. 

Оқиға ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тергелуде. 


Жаңалықтар
0