Оқиға

"ЭйрАстана" рейстері техникалық себептермен кешігіп жатыр

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Эйр Астана ұшағы
Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш әуе рейсінің ұшу уақыты екі-үш сағатқа кейінге шегерілді

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. "Эйр Астананың" үш рейсі кешігіп жатыр, біреуі кешігіп ұшты, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметінде. 

Астанадағы халықаралық әуежай - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ИДМ Астана-Франкфурт рейсінің 21 сағатқа кешігуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан елордасынан Грузияға, Қырғызстан мен Ақтауға рейстер кешігіп жатыр. Сондай-ақ бүгін Астанадан Новосібірге борттың ұшу уақыты кейінге қалдырылды. 

"Техникалық себептермен борттардың ауыстырылуына байланысты Астана-Тбилиси, Астана-Бішкек, Астана-Ақтау рейстері кешіктіріліп жатыр", — деп хабарлады корпоративті коммуникациялар менеджері Тлек Әбрахимов. Сондай-ақ, Астана-Новосібір рейсінің де кешіктірілгенін бірақ ұшып кеткенін нақтылады. 

"Эйр Астана" өкілінің ақпаратына сәйкес, ұшу уақыты келесідей болып өзгертілді: Астана – Тбилиси 16:20-дан 18:00-ге, Астана – Бішкек 15:15-тен 18:50-ге, Астана – Ақтау 20:55-тен 23:20-ға. Астана – Новосібір 09:05-те ұшуға тиіс болатын, 13:20-да ұшты. 


Жаңалықтар
0