Оқиға

Алматыда газ-ауа қоспасының жарылуынан екі адам зардап шекті

© Sputnik / Табылды КадырбековШырпы
Шырпы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға Бостандық ауданындағы "Орбита-4" шағын ауданында болған

АСТАНА, 12 шілде  – Sputnik. Алматыда "Орбита-4" шағын ауданындағы көп қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам зардап шекті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент атап өткендей, газ-ауа қоспасының жарылуы таңғы сағат 8-де "Орбита-4" шағын ауданындағы  11-үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған. Пәтерде болған ер мен әйел күйіп қалды. 

Жарылыс салдарынан үйдегі заттар тұтанып, 0,3 шаршы метр жер өртенген. Өрт сөндірушілер келгенше, жалын өшірілді. 

Жаңалықтар
0