Саясат

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

© SputnikҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрдәулетов бұның алдында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметін атқарды

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалды, деп хабарланады қадағалау ведомствосының ресми сайтында.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 — 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы,  Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшылық етті.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры

II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.


Жаңалықтар
0